#Қордай: Ұлттар достығының көрінісі - "Бауырмалдық бақшасы" ашылды

#Қордай: Ұлттар достығының көрінісі - "Бауырмалдық бақшасы" ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының жамағаты ауызбіршіліктің тамаша үлгісін көрсетіп, Қарасай ауылында қазақ және дүнген имамдардың ұйытқы болуымен "Бауырмалдық бақшасы" ашылды.

Екі ұлттың арасындағы бауырмалдықты нығайту мақсатында жасалған баққа бүгін 200 түп ағаш отырғызылды. Шараға ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, имам-молдалар, ауыл тұрғындары, мешіт жамағаты қатысты. 

Қасиетті Құранда: «Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер», дейді. Бауырмал болудың шариғаттағы орны тілге тиек болып, көпшілік қуанышпен, бірлесе отырып, екі қолға күрек алып, дұға жасай отырып еккен бақша жайқалып, ұлтаралық достықтың символы болып ұрпаққа қала бермек.  Игі шарада Уәли ақсақал бата беріп, ел тыныштын тіледі.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: