#Тараз: Тәні саудың жаны сау!

#Тараз: Тәні саудың жаны сау!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ әйел-қыздар секторы, Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Болатбекқызының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында спорттық ойын өтті. Спорттық додаға Тараз қаласы «Әзіреті Әли» мешітінің ұстазы Талғат Сабина мен оның шәкірттері шақырылды. Мешіт ұстазы қазіргі жастарға біліммен қатар сапалы және салауатты өмір салтын сақтау керектігін насихаттады. Себебі, сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) үнемі «Аллахым! Денеме, көздеріме және құлақтарыма саулық нәсіп ет!» деп дұға қылатын еді.

 Спорттық іс-шараны ұйымдастырудың тағы да бір мақсаты - қалалық мешіттерден сабақ алып жүрген әйел-қыздардың басын қосып, бір болуды үйрету болатын. Ойын соңы шараны ұйымдастырған ұстаздарға шәкірттері алғыс айтып, осы сынды шаралардың жалғасын табуын өтінді!

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: