"Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амреев Jambyl телеарнасындағы "Кәусар" бағдарламасына қатысты. Білікті маман "Ырымдар мен тиымдар" тақырыбында шариғаттағы бұл мәселені қадау-қадау дәлелдермен түгелісіп түсіндіріп, түйінін тарқатты.

Дін маманы болу - үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе халықты намазда және басқа да діни рәсімдерде өзіне ұйытып, Жаратқанның бұйрығын орындауда имамдық ету үлкен жұмыс.
Кезекті уағыз дастарханы Тараз қаласындағы «Молда Мұхамеджан» мешітінде жалғасын тауып, қала имамдары мен мешіт жамағаттары шақырылды. Жиын мақсаты-жамағат арасында бірлікті нығайту, ғибратты әңгімелер мен уағыздарды насихаттау.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде Миғраж оқиғасын былайша баян етеді: «Құлын (Мұхаммедті ғ.с.) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Масжид Харамнан біз айналасын мүбарак қылған Масжид Ақсаға апарған Алла, әртүрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз, Ол естуші, білуші».
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен дәстүр мен діннің сабақтастығын тереңірек түсініп, рухани құндылықтарымызды сіңіру мақсатында "Дін мен дәстүр" кітабын оқу марафоны өтті.
Жамбыл облысындағы халал сертификатын алған кәсіпорындар мен өндіріс фабрика, цехтарды тексеру жүргізіліп жатыр.