#Меркі: Қайырымдылықта жарысайық

#Меркі: Қайырымдылықта жарысайық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады.

Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затқа – садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілсе де ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет.

Меркі ауданы Тәтті ауылы «Тәтті» мешітінің имамы Көпбосынов Асхаттың ұйымдастыруымен ауыл азаматтарының басын қосып, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасады.

Көмек алған 4 отбасы жасалып жатқан қайрымдылыққа алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді. Жалпы қайырымдылық акциясына жұмсалған қаражат сомасы 100 000 теңгені құрады.

«Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: