"БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ" ПЕЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

"БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ" ПЕЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ауданымызда «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында құрылған облыстық жұмысшы топтардың мүшелерімен аудандық актив жиыны өтті. Әкімдіктің мәжіліс залында жасалған бас қосуға төрағалық еткен аудан әкімі Нұржан Нұржігітов жиынды ашып, аудандағы үш күндік іс -сапардың тиісті деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді.

Кездесу барысында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, «Бейбітшілік және келісім» жобасы «Этнос және конфессияаралық келісім» тобының жетекшісі Сержан Сапарбайұлы Қуанышов І-топтың жұмыс бағытымен таныстырды. Аталған жоба аясында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, білім беру, медициналық қызметтер сапасын жақсарту, діни білім деңгейін арттыру және т.б. әлеуметтік мәселелер қарастырылмақ.

«Бейбітшілік және келісім» жобасының іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес 9-11 наурыз күндері облыстық жұмысшы топ мүшелері ауданда тұрғындармен кездесулер өткізетін болады.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: