«Жүніс молда» мешіттің кіреберісіндегі баспалдағы қайта жөндеуден өткізіліп, жаңартылды. Жөндеу жұмыстары барысында баспалдақтар ретке келтіріліп, жаңа кафель орнатылып, қауіпсіз әрі ыңғайлы болу жағы қарастырылды.
Бұл игі іс жамағаттың мешітке еркін әрі қолайлы кіруіне жағдай жасау мақсатында атқарылды. Жамағат мешіттің көркеюі мен абаттандырылуына үлес қосқан мешіт имамына қайырымды азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
Алла үйінің тазалығы мен күтіміне бағытталған мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

