Меркі: «Шәмәил Мухаммадия» кітабынан дәріс өтілуде

Меркі: «Шәмәил Мухаммадия» кітабынан дәріс өтілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Рахымбай ата» мешітінде Пирназаров Бауыржан ұстаздың  «Шәмәил Мухаммадия» кітабынан дәрістер легі өз жалғасын табуда.

Дәріс барысында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  көркем мінезі, жүріс-тұрысы, адамгершілік қасиеттері мен өмір салты кеңінен түсіндірілуде. Жамағат бұл сабақтар арқылы сүннетті тереңірек танып, рухани танымын арттыруда.

Ұстаз жамағатқа кітаптағы тағылымды үлгілерді күнделікті өмірде қолданудың маңызын айтып, көркем мінез бен ізгілікке үндеді. Дәріс соңында мешіт жамағаты көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: