Меркі: «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында насихат айтылды

Меркі: «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Абдулла әскери бөлім сарбаздарымен кездесіп, «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында насихат жүргізді. Кездесу барысында қоғамдағы қатыгездік пен әлімжеттіктің зияны айтылып, адамға құрметпен қарау, сабыр мен кешірім секілді асыл қасиеттер кеңінен түсіндірілді.

Имам өз сөзінде ислам діні бейбітшілік пен мейірімділікті насихаттайтынын атап өтіп, қандай жағдайда да күш көрсету мен қорлауға жол бермеу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, сарбаздарды бір-біріне жанашыр болуға, тәртіп пен сыйластықты сақтауға шақырды.

Кездесу соңында сарбаздар көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: