«Қарабала Төре» мешітінің ауласына шырша ағаштары отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Игі шараға мешіт жамағаты қатысып, мешіт ауласын көркейтуге өз үлестерін қосты.
Ағаш егу дінміз бен дәстүрімізде де аса маңызы бар істерден. «Бір тал кессең – он тал ек» «Ағаш еккеннің сауабы үзілмейді» және «Ағаш отырғызған – жерді көркейтеді» деген халық даналығы бар.
Мешіт ұжымы «Бір тал кессең, он тал ек» деген нақылды негізге алып, осындай игі шаралар жиі ұйымдастырылса, мешіттің көркі артып, табиғаттың да тынысы кеңейе түсетінін атап өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

