«Намазхана» мешітінің имамы Олжабаев жанболаттыі ұймдастыруымен Құран дәрісіне қатысушы шәкірттер арасында Құран Кәрімнен жарыс өтті.
Жарыс барысында шәкірттер қасиетті Құран аяттарын жатқа оқу, дұрыс тәжуидпен мәнерлеп оқу бойынша өзара сынға түсті. Шараның мақсаты – шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, білімге ынталандыру және рухани деңгейін көтеру болды.
Жарыс соңында үздік қатысушылар марапатталып, барша шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары табысталды. Мешіт имамы мұндай игі бастамалардың діни білімге деген қызығушылықты арттыратынын атап өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

