Қордай Құран қарилар даярлау орталығының директоры Ғалымжан Сайлауұлы өңірдегі Қонаев және Ломоносов атындағы орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен жүздесті.
Қордай Құран қарилар даярлау орталығының директоры Ғалымжан Сайлауұлы өңірдегі Қонаев және Ломоносов атындағы орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен жүздесті.
Қордай аудандық "Береке" колледжінде деструктивті ағымдардың алдын алу мақсатында дін мамандарымен кездесу өтті.
Бүгін Қордай аудандық мешітінде жаназа рәсімдерін бірізділікте өткізу мақсатында ақсақалдармен жиын өткізілді.
Сенімі шикі, қоғамда қалыптасқан дәстүрлі жүйеге дін атын жамылып, қауіп төндіретін, негізсіз терістейтін, жоққа шығаратын, дін атына сай емес мұрат-мақсаттарда іс-әрекеттер жасайтын топтар дін жолын, исламды аса ардақтайтын, "Молда бол, балам!" деп батасын беріп, иман жолын құп көрген еліміздің дінге деген сенімсіздігін тудырды.
Бірлік бар жерде – тірлік барын ұққан халықпыз. Еліміз сондықтан да барлық ұлт өкілдеріне құшағын жайып, қонақжайлылық танытқан. Осы ауызбіршілікті арттыру мақсатында түрлі ұлт өкілдері тұратын Қордай ауданына қарасты Сортөбе ауылдық "Дін ислам" мешітінде "Бейбітшілік пен келісім" тақырыбында уағыз жүргізілді.
РАНТ мүшелері Алматы қалалық "Бәйкен" мешітінің наиб имамы Нұрболат Дүйсенбаев пен Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев Қордай ауданына қарасты Қарасай ауылдық мешітінің жамағатымен жүздесті.