#Қордай: Ислам – бірлік пен бейбітшілік діні

#Қордай: Ислам – бірлік пен бейбітшілік діні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірлік бар жерде – тірлік барын ұққан халықпыз. Еліміз сондықтан да барлық ұлт өкілдеріне құшағын жайып, қонақжайлылық танытқан. Осы ауызбіршілікті арттыру мақсатында түрлі ұлт өкілдері тұратын Қордай ауданына қарасты Сортөбе ауылдық "Дін  ислам" мешітінде "Бейбітшілік пен келісім" тақырыбында уағыз жүргізілді.

Ұлттар достығын нығайтатын көркем насихатты РАНТ мүшелері Алматы қалалық "Бәйкен" мешітінің наиб имамы Нұрболат Дүйсенбаев пен Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев айтты.

Нұрболат Дүйсенбаев: "Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін, бақытымызды баянды ететін ол — ел бірлігі, қоғамдағы келісім, елімізді мекендеген барлық ұлт пен ұлыстардың өзара татулығы, бір-біріне деген төзімділігі, - деп терең ой салды.

Ал Бахтияр Амиреев: "Пайғамбарымыз Мухаммед (с.ғ.с.) өз үмметін ынтымақта, ауызбірлікке шақырып, араға іріткі салушы бірлікті бұзатын әрекеттерден тыйды.  Хадисінде: «Сіздер бір кемеге мініп жолға шыққан жолаушы сияқтысыздар. Араларыңыздағы біреу қолына балта алып кемені шаба бастаса, егер сіздер оны тоқтатпасаңыздар барлықтарыңыз суға батасыздар, тоқтатсаңыздар барлықтарыңыз аман қаласыздар» - деп ауызбірліктің маңыздылығын ескерткенін атап өтті.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: