Бүгін Қордай аудандық мешітінде жаназа рәсімдерін бірізділікте өткізу мақсатында ақсақалдармен жиын өткізілді.
Шарада облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бақтияр Амиреев пен ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, ауыл қарияларын қаралы үйдегі амалдарды шариғатымызға сай, ысырапсыз өткізуге қолдау көрсетуге, халыққа насихаттауға шақырды.
Дін мамандары "Жаназа рәсімдері" кітабын түсіндіріп, ақсақалдардың сауалдарына жауап берді
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі.