#Қордай: Қарасай ауылында ихсан ілімі насихатталды

#Қордай: Қарасай ауылында ихсан ілімі насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

РАНТ мүшелері Алматы қалалық "Бәйкен" мешітінің наиб имамы Нұрболат Дүйсенбаев пен Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев Қордай ауданына қарасты Қарасай ауылдық мешітінің жамағатымен жүздесті.

Дін мамандары "Ихсан ілімі" жайлы сүбелі насихат жүргізді. Сананы тұрмыс билеген заманда Ихсан ілімін насихаттау – аса маңызды істің бірі. Расында күнделікті күйбең тіршілік, отбасындағы мәселелер адам баласының рухани жан-дүниесіне әсер етпей қоймайды. Пенде қуаныш мен қайғыда көптеген эмоциялық сәттерді бастан кешеді. Осы сәттерде оның иманы, Аллаға деген тәубесі мен тәуекелі мұсылманға, былайша айтқанда, жақсы адамға тән байсалды әрі парасатты ұстанымда болуға тікелей әсер етеді. Осы ретте Ихсан ілімі рухани кемелдену жолы екенін баса айта кеткен абзал. Ихсан іліміне ден қайған пенде рухани кемелденуге қадам басатыны хақ.

Міне, осы мақсатта имамдар жамағатқа рухани жай-күйдің маңыздылығын, адамгершіліктің, Аллаға шын берілудің барлығынан жоғары тұратынын көркем уағымен жеткізді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: