Түндердің төресі, мың айдан да қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетіне береке орнайтын Қадір түні – сауаптар еселеніп жазылатын ерекше, қасиетті түн.
Түндердің төресі, мың айдан да қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетіне береке орнайтын Қадір түні – сауаптар еселеніп жазылатын ерекше, қасиетті түн.
Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде тарауих намазының хатым Құраны аяқталды. Сол себепті ауданның бас имамы Рамиз қажы Азизов жиналған жамағатқа кәмпиттер таратты.
Қайырымдылықтың ең абзалы және сауабы молы қасиетті Рамазан айындағы жасалған қайырымдылық болып табылады. Алла тағала нәсіп етіп, Рамазан айында мың айдан қайырлы болған қасиетті Қадір кешінің құрметіне аудандық «Төле би» мешітінде ауданның бас имамы Аят Дыбысұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің жазғы балалар маусымы діни сауат ашу курсының қыздары орталық мұражайға барып қайтты.
Шу қаласындағы «Жәми» мешітінде қасиетті Құран түскен мүбəрак Рамазан айының құрметіне қалалық мешітте тарауықтың бірінші күні басталған хатым Құран түндердің қасиеттісі Қадір түнінде тәмамдалып, хатым дұғасы жасалды.
Елімізде Рамазан айының ішінде келетін қасиетті Қадір түнін қадыр тұтып, қарсы алып түні бойы құлшылық ғибадат жасап, Алла Тағаладан қажетін сұрап өткізу үрдіске айналған.