Қордай аудандық "Береке" колледжінде деструктивті ағымдардың алдын алу мақсатында дін мамандарымен кездесу өтті.
Студенттерге теріс бағыт дегеніміз не, олардың сипаттары мен ұстанымдары, қоғамға әкеліп жатқан зияны жайлы Алматы қаласы "Бәйкен" мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұрболат Дүйсенбаев пен Қордай мешітінің наиб имамы Дәурен Нұржанұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жастардың көкейкесті сауалдарына жауап берген мамандар түрлі бағыттағы ағымдарға қосылып кетпес үшін діни сауатты болудың маңызын түсіндірді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі