#Қордай: Деструктивті ағымдар сипаты түсіндірілді

#Қордай: Деструктивті ағымдар сипаты түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сенімі шикі, қоғамда қалыптасқан дәстүрлі жүйеге дін атын жамылып, қауіп төндіретін, негізсіз терістейтін, дін атына сай емес мұрат-мақсаттарда іс-әрекеттер жасайтын топтар исламды аса ардақтайтын,  "Молда бол, балам!" деп батасын беріп, иман жолын құп көрген еліміздің дінге деген сенімсіздігін тудырды. "Олар кімдер, бұл бағытты ұстанушылардың сипаттары мен ұстанымдары қандай?" деген сауалдарға "Хамид бен Бадый" мешітінде жауап берілді.

РАНТ мүшелері Алматы қалалық "Бәйкен" мешітінің наиб имамы Нұрболат Дүйсенбаев пен Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев "Деструктивті ағымдар" жайлы мол мағұлмат беріп, оның зияны мен алдын алу жолдарын түсіндірді.

Жиын соңында жамағат дін мамандарына көкейкесті сауалдарын қойып, дәлелді де дәйекті жауаптарын ала алды. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: