Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі – Рамазан айы. Бұл айдың ерекшелігі – мүміндер бір ай бойы ораза ұстап, нәпсісін тәрбиелеп, өз-өзіне есеп береді. Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылықтың, сабыр мен кешірімнің, тақуалықтың айы.
Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі – Рамазан айы. Бұл айдың ерекшелігі – мүміндер бір ай бойы ораза ұстап, нәпсісін тәрбиелеп, өз-өзіне есеп береді. Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылықтың, сабыр мен кешірімнің, тақуалықтың айы.
Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы әйел-қыздар жамағатына Рамазан айының ұлықтығы мен рухани пайдасы туралы тағылымды уағыз-насихат айтты.
Рамазан – сауап жасауға мол мүмкіндік беретін, рухани тұрғыдан өзін-өзі жаңартып, жүректі тазартатын ай. Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) былай деген: «Аузы берік кісіге ауыз аштырғанға ораза ұстағанның сауабындай сауап беріледі.
Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өзінің бір хадисінде үмметін былай деп сүйіншілейді: «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі».
Қазыналы қариялардың аузынан шыққан әрбір сөз – жақұттай қымбат. Өнегелі өсиет адамды кемелдікке жетелеп, сана көкжиегін кеңейтеді. Ақсақалдар айтуынша, бата беру – тек дастарқан басында ас қайырып, жылы лебіз білдіру ғана емес, ол – қазақ халқының көне дәстүрінен жалғасқан қасиетті рухани құндылықтарының бірі.
Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) бір хадисінде:«Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істеген күнәлары кешіріледі», – деген. Сондай-ақ тағы бір хадисінде: «Рамазанның басы – рахмет, ортасы – кешірім, соңы – тозақ отынан құтылу», – деп сүйіншілеген.