Талас: Құрбан айтқа дайындық – жоғары деңгейде

Талас: Құрбан айтқа дайындық – жоғары деңгейде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Берекенің бастауы болған қасиетті Құрбан айт мерекесі жақындаған сайын Сәду Шәкіров ауылындағы "Байтоқты баба" мешіті ерекше сәнге бөленіп, мерекелік көңіл-күй сезіле бастады. Мешітіміздің имамы Оспанов Бақдәулеттің ұйытқы болуымен мешіт ауласында ауқымды тазалық және көркейту жұмыстары жүргізілді. Аула толық қоқыстан тазартылып, айналасы абаттандырылып, көрген жанның көңілін сүйсінтерлік кейіпке енді.

Сонымен қатар, мешіт алдындағы бордюрлер сары-көк түске боялып, айналаға ерекше ажар берді. Мешіт маңына «Алла – Мұхаммед» деп жазылған жарық шам орнатылып, түнгі уақытта нұр шашып тұр. Айнала майда шамдармен безендіріліп, рухани ордаға ерекше көрік сыйлауда. Сондай-ақ, күн сәулесінен қуат алып, түнде жарық беретін раушан гүл пішініндегі шамдар орнатылып, мешіттің келбетін одан әрі көріктендірді.

Бұл игі істер ауыл тұрғындарының ыстық ықыласына бөленіп, халық имамға ризашылықтарын білдіруде. Осындай көркем әрі жарасымды дайындықтардың арқасында қасиетті Құрбан айттың рухани атмосферасы ауыл ішінде ерекше сезіліп, жүректерге жылулық сыйлауда.

"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: