Ақкөл ауылы. Ақкөл мешітінің имамы Амиров Сейіткамаладдиннің бастамасымен ауылымыздың 1959 жылы мектеп бітірген түлектері өздерінің оқу бітіргендеріне 50 жыл толуына орай мешіт асханасының жайлылығын арттыру мақсатында заманауи екі кондиционерді табыс етті. Бұл бастама жамағатқа қолайлы жағдай жасауға бағытталған қайырымдылық іс ретінде қабылданды.
Өз кезегінде мешіт имамы Сейіткамаладдин сый тартушы ауыл тұрғындарына шынайы алғысын білдіріп, ақ батасын беріп, баршасына амандық, ұзақ ғұмыр және берекелі өмір тіледі.
"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

