Талас: “Ұлттық құндылықтардың діндегі орны” тақырыбында насихат айтылды

Талас: “Ұлттық құндылықтардың діндегі орны” тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы мешіт жамағатына “Ұлттық құндылықтардың діндегі орны” тақырыбында кең көлемді насихат жүргізді.

Кездесу барысында Ахат имам ұлттық салт-дәстүрлер мен ислам дінінің өзара үйлесімділігі туралы айтып, дәстүрдің шариғатқа қайшы келмеген жағдайда қоғам үшін маңызды тәрбие құралы екенін атап өтті. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарды сақтау – ел бірлігі мен рухани тұрақтылықтың негізі екені кеңінен түсіндірілді.

Ахат Қайыпбергенұлы өз сөзінде үлкенді құрметтеу, ата-анаға ізет көрсету, адалдық пен кішіпейілділік сияқты қасиеттердің дінімізде де, ұлттық тәрбиеде де ерекше орын алатынын жеткізді. Жиынға қатысқан жамағат мазмұнды насихатты ықыласпен тыңдап, өз ой-пікірлерін білдірді. Шара рухани тұрғыда әсерлі өтіп, көпшілікке тағылымды тәлім берді.

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: