"Әбдірашит ата" мешітінде имам Ахат Қайыпбергенұлы жамағатпен кездесіп, “Жастар тәрбиесі және жат ағымдардан сақтану” тақырыбында тағылымды насихат айтты.
Кездесу барысында имам бүгінгі таңда жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтіп, ұрпақтың білімді, иманды әрі ұлттық құндылықтарға берік болып өсуі – қоғамның басты міндеттерінің бірі екенін жеткізді. Сонымен қатар, діни білімді дұрыс әрі сенімді дереккөздерден алу маңыздылығы түсіндірілді.
Ахат Қайыпбергенұлы жат ағымдардың зияны туралы тоқталып, олардың қоғам бірлігіне кері әсер ететінін ескертіп, әр азаматтың өз сенімін дұрыс тануы және адастырмаушы бағытты ұстануы қажет екенін айтты. Жиынға қатысқан жамағат тақырыпқа қатысты ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап форматында пікір алмасты. Кездесу мазмұнды өтіп, көпшілікке рухани серпіліс берді.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

