Аудандық "Қаратау қажы би" мешітінде имам Асқарбек Серікұлы жамағатқа “Қонақ күтудің дін мен дәстүрдегі орны” тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Уағыз барысында имам қонақжайлылықтың ислам дініндегі маңызына тоқталып, келген қонақты құрметтеу, оған жақсы қызмет көрсету – мұсылманның көркем мінезінің бір көрінісі екенін атап өтті.
Сонымен қатар қазақ халқының қонақжай дәстүрі мен оның ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі кеңінен түсіндірілді. Асқарбек Серікұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығын айта келе, қонақ күту мәдениеті қоғамдағы сыйластықты арттырып, бірлік пен берекені нығайтатынын жеткізді. Жамағат мазмұнды уағызды ықыласпен тыңдап, рухани әсер алды.
Аудандық "Қаратау қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

