Талас: Қызыләуіт ауылында истисқа намазы оқылып, тасаттық берілді

Талас: Қызыләуіт ауылында истисқа намазы оқылып, тасаттық берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қызыләуіт ауылында "Жаңабай сопы" мешітінің имамы Төсбаев Әбдіқали ақсақалдың бастамасымен ауыл тұрғындары жиналып, жамағатпен бірге истисқа намазы оқылды. Игі шара барысында ауыл халқы Жаратушыдан жаңбыр тілеу мақсатында тасаттық беріп, құрбандық шалды. Жамағат елдің амандығы, жердің берекесі және мал-жанның өсіп-өнуі үшін шын ықыласпен дұға жасады.

Әбдіқали имам мұндай құлшылық амалдарының мұсылман өміріндегі орны мен маңызын түсіндіріп, қиын сәттерде Аллаға жалбарынудың мәнін атап өтті. Сондай-ақ, бірлік пен ынтымақтың берекеге бастайтынын жеткізді. Жиын соңында ауыл тұрғындары елге тыныштық, жерге молшылық тілеп, рухани әсерге толы сәтпен тарқасты.

"Жаңабай сопы" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: