Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кім бізді алдаса – ол бізден емес», – деп, адалдықтың мұсылман өміріндегі маңызын айқындап берген.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кім бізді алдаса – ол бізден емес», – деп, адалдықтың мұсылман өміріндегі маңызын айқындап берген.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар», – деп мұсылман баласын тазалыққа, ұқыптылыққа шақырған. Осыған орай Қордай ауданы, Беріктас ауылындағы «Мухамедамин» мешітінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисі арқылы мұсылмандарды тазалыққа ерекше мән беруге шақырған.
Аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалұлы Меркі аудандық орталық кітапханаға арнайы барып, кітапхана жұмысымен танысты. Шара барысында ол рухани орданың тыныс-тіршілігін көріп, кітап қорымен танысып, оқырмандарға ұсынылып отырған әдебиеттерді назардан өткізді.
Асыл дінімізде білім үйрену мен оны өзгелерге жеткізудің маңызы зор. Осы орайда игі бастамалардың бірі ретінде Меркі ауданы мешіттеріне 64 дана сира кітабы уақып етілді. Бұл сауапты іс – жамағаттың діни білімін арттырып, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін насихаттауға бағытталған маңызды қадам.
Табиғат аясында ауыл имамдарының қатысуымен тир ату бойынша шағын жарыс өтті. Шараның мақсаты – мергендік қабілетті шыңдау, зейін мен ұқыптылықты арттыру, сондай-ақ имамдар арасындағы бауырластықты нығайту.