БАЙЗАҚ: АЙМАНТӨБЕ МЕШІТІНДЕ ІРІ ҚАРА МАЛ ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛЫНДЫ

БАЙЗАҚ: АЙМАНТӨБЕ МЕШІТІНДЕ ІРІ ҚАРА МАЛ ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛЫНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Аймөнтөбе ауылындағы мешітте қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ірі қара мал құрбандыққа шалынды. Игі шара ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін арттырып, мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Құрбандық шалу рәсімі шариғат талаптарына сай атқарылып, оған ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты қатысты. Құрбандық еті әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы жанұяларға және мұқтаж азаматтарға үлестірілді. Бұл игі іс Құрбан айттың қайырымдылық пен мейірімге үндейтін ұлық мереке екенін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Шара барысында мешіт имамы Кенжехан Өксікбайұлы  жиналған жамағатқа насихат айтып, құрбан шалудың сауабы мен рухани маңызына тоқталды. Сонымен қатар мұсылман баласын жанашырлыққа, бауырмалдыққа және мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейтін қасиетті мерекенің тағылымы кеңінен түсіндірілді.

Жамағат мұндай сауапты істердің қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға үлкен үлес қосатынын атап өтіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: