БАЙЗАҚ: ДӘСТҮРГЕ САЙ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АРҚАН ТАРТЫСТЫ

БАЙЗАҚ: ДӘСТҮРГЕ САЙ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АРҚАН ТАРТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық дәстүрді дәріптеген тағылымды шара ұйымдастырылып, мешіт жамағаты арасында арқан тартыс ойыны өтті. Қазақ халқының бай мұрасын насихаттауға бағытталған сайыс жамағатқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шараға ауыл ақсақалдары, жастар және мешіт жамағаты белсенді қатысып, өзара бақ сынасты. Арқан тартыс барысында қатысушылар ұйымшылдық пен ептіліктің үлгісін көрсетіп, ұлттық ойынның маңызын айшықтады. Көпшілік ұлттық дәстүр мен рухани құндылық ұштасқан игі бастамаға ризашылықтарын білдірді.

Іс-шара барысында ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы жамағатқа насихат айтып, халқымыздың салт-дәстүрі мен Ислам құндылықтарының сабақтастығына тоқталды. Сонымен қатар бірлік пен татулықтың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, жастарды ұлттық мұраны құрметтеуге шақырды.

Мерекелік шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс білдіріліп, жамағат арасында ауызбіршілік пен бауырмалдықты арттыратын мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасатыны жеткізілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: