#Шу имамдары Құрбан айтқа дайындықты пысықтады

#Шу имамдары Құрбан айтқа дайындықты пысықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданданының бас имамы Бахтияр Амиреевтың басшылығымен Шу имамдарының Құрбан айтқа дайындық жиналысы өтті.

Құрбан айт мерекесін жоғары дәрежеде өткізу мақсатында бас имам ауыл имам-молдаларына тиісті тапсырмалалар берді. Сонымен қатар бас қосуда облысымыздағы "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне шәкірт тару, жастардың білім алуына көмек көрсету, бағыт-бағдар беру мәселесі де тілге тиек болды. Оқу орнының жарнамасы имамдарға таратылып, игі іске үлес қосуға шақырылды.

Шарада имамдардың көкейіндегі пікірлері, ұсыныстары қаралды. Жақында ғана өткен футбол сайысында Шу аудан имамдары 1 орын алған болатын. Осындай белсенді имамдарға "Елжан" брендінен қазақи нақыштағы шапандар шабылды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: