#Тараз: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

#Тараз: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Исі мұсылман үшін қасиетті құрбан айт мерекесі ұлы мереке. Ұлы мерекені жоғары деңгейде өткізу керек. Осы орайда Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде қалаға қарасты мешіт имамдарының кезекті жиыны өтті. Жиынға Тараз қаласының бас имамы Дәуренбеков Орынбасар Орымбайұлы төрағалық етті. Басқосуда облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің Тараз қаласына жауапты наиб имамы Әлмұханбет Егізбаев қатысып атқарылу керек болған бірқатан шаруаларға тоқталды.  

   Күн тәртібінде қала бойынша қай жерлерде құрбан шалынатыны, белгіленді. Атқарылатын жұмыстар талқыланып, келе жатқан «Құрбан айт» мерекесіне Діни басқарма міндеттеген тапсырмаларды жоғары деңгейде атқару пысықталды. Құрбан айт мемлекеттік мереке. Осы күні елімізде халық мереке күні мемлекеттік деңгейде демалады. Олай болса, мешітке келуші әрі құрбан шалушы жамағат саны көп болары анық. Сондықтан құрбан шалудың ережелерін насихаттау әрі шалынған құрбандық еттерін мұқтаж жандарға тарату мәселесі қаралды.

   Діни басқарманың тапсырмасына сәйкес айт күндері шалынатын құрбандықтардың халал стандартқа сай бауыздалуы өте маңызды іс. Сондықтан жиынға «Халал даму» ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің өңірдегі жауапты маманы Абылайхан Ғабитұлы арнайы келіп, сөз сөйлеп жиынға қатысты.

Құрбан айты күндері имамдар үшін басты мәселелердің бірі мұқтаж жандарды етпен қамтамасыз ету. Оларға жеке-жеке ет жеткізіп беріп, жамағаттың сауапқа кенеліп қалуына мұрындық болу маңызды мәселе болып тұр. Бас имам барлық имамдарға осы мәселені жоғары деңгейде атқаруды тапсырды.

 Амангелді Ембергенов

Қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: