"Жусан" операциясымен отанға оралғандармен жұмыс семинары өтті

"Жусан" операциясымен отанға оралғандармен жұмыс семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында Сирия, Ирак елдерінде соғыс жағдайында болып, елімізге "Жусан" операциясымен оралған репатрианттармен жұмыс жасауды үйретуге, қоғамға бейімдеуге, көмектесуге арналған семинар өтті.

Мемлекет тарапынан қолға алынған аталмыш іс-шарада "Қызыл Крест" бірлестігінің жоғары дәрежедегі мамандары баяндама жасады. Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі,  облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Нұргүл Әлиханқызы қатысып қайтты.

"Қызықты әрі шын мәнінде қайтып оралған қандастарымыздың ішкі психологиялық күйімен жұмыс істеуге бағытталған тақырыптар көптің көңілінен шықты" - дейді шараға арнайы барған мешіт ұстазы.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: