#Т.Рысқұлов: «Рухани білімнің артықшылығы» атты кездесу

#Т.Рысқұлов: «Рухани білімнің артықшылығы» атты кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық әскери бөлімшесінде ауыл имамымен кездесу өтті. Кездесуге «Әл-Хақ» мешітінің имамы Серікбаев Ерман арнайы қонақ болып барып, «Рухани білімнің артықшылығы» тақырыбы бойынша әскери қызметкерлерге рухани уағыз-насихат жасады.

    Ерман имам кездесуде: Иман – екі дүние бақытына жетелейтін нығмет. Ел аузында айтылып жүрген «Иманым – жиғаным» деген сөз бар. Иманын күшейтуге тырысқан адам игілікке кенеле бастайды. Алланың қалауымен оның жүрегінде ерекше тыныштық орнайды. Жүрегі қызғаныш, мақтаншақтық, тәкәппарлық т.б. дерттен аман қалады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Иманның абзалы – Алла Тағала үшін жақсы көруің немесе шариғатқа қайшы нәрсені жек көруің. Тіліңмен Алла Тағаланы зікір етуің (еске алуың). Басқалар үшін өзіңе тілегенді тілеуің және өзіңе тілемеген нәрсені өзегеге де тілемеуің. Тек жақсы сөз айтуың, болмаса үндемеуің» деген.

          Осы хадиске амал еткен адам көптеген зиян істерден құтылады. Хадис мағынасына үңілсек, біріншіден, адамды байлығы немесе атағы үшін ғана құрмет көрсетіп, оны қарапайым кісіден артық көру дұрыс емес екенін аңғарамыз. Расында Алланың алдында кімнің мәртебесі қандай дәрежеде екенін біз білмейміз.

          Екіншіден, шариғатқа қайшы нәрсені жек көру – иманның абзалы. Кейде қоғамда адам көңілін аулау үшін көптеген жағымсыз әрекеттер жүзеге асып жатады. «Осы ісім Аллаға ұнамды ма? Мынау қадамым қаншалықты шариғатқа сәйкес келеді?» деген сауалдар иманын күшейткісі келетін адамды әрдайым ойландыруы керек,- деп ойымен бөлісті.

 Қуаныш  Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: