Әрбір шаңыраққа береке, ырыс, несібе ала келетін мұсылмандарға Алла өзі бекітіп берген мереке - Құрбан айт. Көріспегендер көрісіп, көрші-қолаң, туған-туыс бірін-біріне қонақ болып, ауызбіршілік пен бауырмалдықтың артатын мерекесі ол осы айт мейрамы.

Шу ауданы "Жәми" мешітінің ұстазы Ләззат Маханбетованың ұйымдастыруымен айттың 2-ші күні мешітте дәріс алып жүрген балаларға құрбан айт мерекесіне арналып батут құрылды.
Әйел-қыздар секторының Қордай ауданындағы ұстазы Эльмира Аманқожақызының және Әжелер алқасы мүшелерінің ұйымдастыруымен ұлтты ұйыстырған ұлық мереке Құрбан айттың құрметіне балаларға базарлық жасалды.
Әйел-қыздар секторының ұстазы Эльмира Аманқожақызы және Әжелер алқасы мүшелерінің ұйымдастыруымен "Құрбан айт - ұлық мереке" атты бас қосу өтті.
Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты барлық ауыл тұрғындары Алланың әмірін орындап Қасиетті Құрбан айт күндерінде өз құрбандықтарын шалды. Аудан әкімі Ернар Серікәліұлы бастап, құрбандыққа сиыр шалып, еттері бөлініп, тұрмысы төмен 25 мұқтаж отбасыға таратылып берілді.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінде қасиетті қос мерекеміздің бірі Құрбан айт мерекесі аталып өтті. Мешіт шәкірттеріне ілімнің құндылығы айтылып, “Кім жылдам?”, “Ойлан, тап!” ойындары ойнатылды.