#Шу: Әйелдер жамағаты Мәуліт кешін өткізді

#Шу: Әйелдер жамағаты Мәуліт кешін өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әрбіріміз өзіміздің ата-анамыздың, балаларымыздың, туыс-жақындарымыздың, құрбы-құрдастарымыздың және басқа да қаншама адамдардың туған күндерін қуанышпен атап өтеміз. Ал қиямет күнгі шапағатшымыз, ұлы ұстазымыз, жолбасшымыз Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күнін атап өту бәрінен гөрі лайықтырақ емес пе?! Осыған орай, Мәуліт айының құрметіне "Төле би" мешітінде әйелдер жамағатына арналған "Мәуліт кеші" ұйымдастырылды. 

Мешіт ұстазы Насихат Доғдырбайқызының мұрындық болуымен қыз-келіншектер дәрісханада бас қосып, ақ дастархан жайылды. Шараға аудандық мешіттің ұстазы  Сәуле Нұрсұлтанқызы бастаған "Жәми" мешітінің шәкірттері келіп қатысты.

Шараны "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы құттықтау сөзімен ашып беріп, мәуліт жайлы насихат айтты.

Жиында түрлі ойындар жасалып, үздіктерге Құран, сира кітабы сынды сыйлықтар табысталды.  Терме, жыр-дастандар айтылып, салауат жарысы да ұйымдастырылды. Әйелдер жамағаты Алла елшісін еске алып, имандасып тарқасты. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: