#Шу: Мешіт ақсақалының есімі "Алтын кітапқа" енбек

#Шу: Мешіт ақсақалының есімі "Алтын кітапқа" енбек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ж.Жексенбай" мешітінде имам Шүкірәлі Бердібековтың ұйымдастыруымен "Алтын кітапқа" есімі жазылатын ауданның құрметті азаматтарының бірі, Ауыл ақсақалдарының төрағасы, мешіт жамағаты Тәңірберген ақсақалмен кездесу өтті.

Жамағат ақсақалды жетістігімен құттықтап, аузы дуалы көп көрген қарияның насихатын тыңдады. Ақсақал елдің, ауылдың берекесі, бабаларымыз аңсаған ізгі-қоғам, әділет жайлы өнегесін айтты.  Көпшілік қарияның ақыл сөзін көкірекке түйіп, ақ батасын алып тарасты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: