Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің имамы Айтжан Керимов мешітке келген жамағатқа «Бір айда бір кітап» жобасы аясында діни кітап оқып, оны жамағатпен бірге талқылады.
Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің имамы Айтжан Керимов мешітке келген жамағатқа «Бір айда бір кітап» жобасы аясында діни кітап оқып, оны жамағатпен бірге талқылады.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің ұстазы Жайна Бекназарованың ұйымдастыруымен 15 мамыр «Халықаралық отбасы күніне» орай әйелдер жамағатының шәкіттері тауға шықты.
Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінде құптан намазына келген жамағатқа мешіт имамы Ержан Сапарбеков «жат діни ағымдардан сақтану» бағыты аясында «Мадхализм жамағаты жайлы» насихат айтты. Мадхалиттер – Рабиғ ибн һади Ғұмайр әл-Мадхалидің көзқарасын ұстанатын, «шариғат негізінде қоғам құруға» бағдарланған сәләфилік сенімдегі жамағат.
Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы ауылдың жасөспірім балаларына ихсан ілімі бағыты бойынша «Ата ананың қадірі» атты рухани тақырыпта уағыз - насихат айтты. Кездесудің ерекшелігі - уағыз ауыл сыртында көгалда өтті.
Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық «Ақыртөбе» мешітінің имамы Нұрпейсов Батыр ауылдың № 14 орта мектептің акт залында өткен тәрбиелік іс-шараға қатысты.
Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық мешітінің алдына асфальттан жол төселді. Жолдың төселуіне ауыл имамы Байқожаев Нұрдәулет себепші болды.