Шу ауданы "Төле би" мешітінің азаншысы Ибрагим Жалалиев Шу қаласында орналасқан "Айтқұл баба" мешітінің жамағатымен жүздесті. Имам "Ақырзаман белгілері" тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.
Маман ақырзаман жайлы Құранда жалпы шариғатта айтылған өсиеттерді жеткізіп нақты мысалдар келтірді. "Ислам діні бойынша бұл күннің болатынына сену – иман тіректерінің бірі, мұсылман ақидасының ажырамас бөлігі. Сол себепті, шынайы мұсылман ақырзаманның болатынына сеніп қана қоймай, оның негізгі белгілерін де білуі керек" - деп атап өтті сөзінде.
Ұйып тыңдаған жамағат уағыздан соң бірлесіп жұма намазын оқып, ақсақалдар бата беріп тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі