Шу аудандық "Жәми" мешітінің Әйел-қыздар секторының ұстаздары Сәуле Нұрсұлтанқызы мен Гүлжан Сағындыққызының ұйымдастыруымен "Ана болудың діндегі орны" тақырыбы аясында "Сауатты ана - сау бала" атты семинар өтті.
Іс-шарада Валентина Қасымханқызы арнайы шақыртумен спикер болып келіп, денсаулықты күту, қалай күтім жасау керек және жылдық тексерістерден өту турасында сөз қозғады.
Ұстаздар денсаулықтың аманат екенін еске салып, шариғат ұсынған денсаулық күтімі туралы да атап өтті. Шараға арнайы келген маман қыз-келіншектердің сауалдарына жауап беріп, мысалдар келтіре отырып көпшілікке мардымды ой қалдырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі