#Шу: АС БЕРУ - АТА ДӘСТҮРІ

#Шу: АС БЕРУ - АТА ДӘСТҮРІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымызда көне дәуірден бері келе жатқан ежелгі ғұрыптардың бірі – ас беру. Ол дүниеден өткен адамдарды еске түсіруге арналған салт. Егер ас берудің саяси-әлеуметтік астарына мән берсек, ол алдымен, шығысы мен батысына ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы талатын айшылық алыс аймақты алып жатқан қарға тамырлы қазақ елінің өзара достығы мен бірлігін жыл өткен сайын жақындата түсу, әр әулет, өңірдің салт-дәстүрін өзгелерге паш ету, қала берді қаза арқалаған ауыл-аймақ, тегіренің бастарына түскен ауыртпалығына өзгелердің ортақтасып, олардың қайғы-мұңын бөлісу, дүниеден озған игі жақсының өнегелі тұстарын ескеру арқылы оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету, өліге деген құрмет үрдісінен туған игілікті іс екені сөзсіз. 

Мұндай жиын Шу қаласы "Тоғай" мешітінде жасалып, ауыл тұрғыны қырыққа жуық адамға ас берді. Мешіт имамы Жанат Сағитов ауыл тұрғындарына “Ауызбіршілік” тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

"Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Бір кісінің асы екі кісіге жетеді. Екі кісінің асы төрт кісіге жетеді. Төрт кісінің асы сегіз кісіге жетеді». Құран Кәрімде мұсылмандардың мұндай әрекеттері мақталған және былай делінген (мағынасы): «Және олар (мұқтаж болса да) міскіндерге, жетімдерге және тұтқынға қуана-қуана ас береді». ("Инсан" сүресі, 8-аят)" - деп атап өтті имам өз сөзінде.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: