Астанада 7 мамыр күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универстиетінің спорт кешенінде (Ықылас Дүкенұлы көшесі, 31) бас мүфти жүлдесіне арналған Республикалық күрес турниріне Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасында іріктеу сайысы өтеді.
Астанада 7 мамыр күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универстиетінің спорт кешенінде (Ықылас Дүкенұлы көшесі, 31) бас мүфти жүлдесіне арналған Республикалық күрес турниріне Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасында іріктеу сайысы өтеді.
Хорватия исламды елдегі тең дәрежедегі дін ретінде мойындағанына 100 жыл толуын атап өтуде. Хорватия парламенті осы күнге орай арнайы сессия қабылдады. Ел астанасы Загреб қаласында атаулы датаға арналған Еуропалық ислам қауымдастығы конференциясы ұйымдастырылмақ.
Сауд Арабиясында түсірілген мына сурет бүкіл араб әлеміне тарап, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Әр қадам сайын мешіті бар елде үш ер азамат неліктен жол ортасында намаз оқып жатыр? Елді қызықтырғаны осы сауал еді.
Үйі жоқ әке қызын ертіп, дәріхананың алдын паналап жатқан. Тұрақты тұрағы жоқ әкенің қызына "мен саған үй алып берім" деп беріп жатқан уәдесі мен арманын естіген азамат бірден телефонмен жалға үй алмаққа хабарласады.
Исламның 5 шартының алғашқысы иман болса, екіншісі - намаз, яғни исламдағы алғаш парыз болған құлшылық, ол - намаз. Намаз - ең маңызды, мағынасы мен мәні терең кұлшылық. Оның ішінде Аллаһты мадақтау, ұлықтау, оған шүкір деп тәубеге келу, әрі кешірім сұрап, одан жәрдем тілеу, дұға ету, сол сияқты зікір ету.
Күндердің сұлтаны болған жұма күні бір жұма намазының емес он жұма намазының сауабын қалай алуға болатынын білгіңіз келе ме? Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім мұсылмандарды тура жолға шақырса, соларға жазылған сауап өзіне де жазылады және өзінің сауабы кемітілмейді»,-деген.