Сауд Арабиясында түсірілген мына сурет бүкіл араб әлеміне тарап, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.
Әр қадам сайын мешіті бар елде үш ер азамат неліктен жол ортасында намаз оқып жатыр? Елді қызықтырғаны осы сауал еді.
Олар тап болған жағдай кәдімгі жол-көлік уақиғасымен байланысты екен. Алайда көлік қақтығысына себепкер екі көліктегі азаматтардың іс-әрекеттері, расында, таң қаларлықтай.
Уақиға орнында полиция қызметкерлері келуін күтіп отырған кезде намаз уақыты да кірген. Осы уақыт ішінде олар көлік қақтығысына кім кінәлі екенін анықтаудың орнына жамағат болып намаз оқуға көшкен.
Сауд Арабиясы жол ережесіне сәйкес, жол-көлік уақиғасына себепкер тараптар полиция келгенде дейін уақиға болған жерді тастап кетуіне болмайды.
Аталмыш фотосурет интернетті шарлап, араб әлеміндегі әлеуметтік желілерде жүздеген мың пікірлер жинаған.