Хорватияда исламның 100 жылдығын атап өтеді

Хорватияда исламның 100 жылдығын атап өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хорватия исламды елдегі тең дәрежедегі дін ретінде мойындағанына 100 жыл толуын атап өтуде.

Хорватия парламенті осы күнге орай арнайы сессия қабылдады. Ел астанасы Загреб қаласында атаулы датаға арналған Еуропалық ислам қауымдастығы конференциясы ұйымдастырылмақ.

Аталмыш жиында Еуропадағы исламның орны жайында талқылайды. Шараға Босния Герцеговина, Македония, Албания, Черногория, Түркия, Франция, Украина, Қазақстан, Венгрия, Ресей, Норвегия, Ұлыбритания мен бірқатар араб мемлекеттерінің басшылары, министрлері, сондай-ақ дін басылары қатысады.

Тарихи дерек:

1916 жылдың 27 сәуірінде Австро-Венгриялық империяның Хорваттық-Словениялық провинциясында өткен парламенттік кездесуде ислам діні ресми түрде католиктік және православтық діндермен тең дәрежеде мойындалған болатын.

Бүгінде елдегі католик сеніміндегілер Хорватия халқының 86%-ын, православтар – 4,4%, ал мұсылмандар 1,5%-ын құрайды  (63 мыңға жуық).

e-islam

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: