Астанада ІІІ республикалық күрес турниріне іріктеу сайысы өтеді

Астанада ІІІ республикалық күрес турниріне іріктеу сайысы өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астанада 7 мамыр күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универстиетінің спорт кешенінде (Ықылас Дүкенұлы көшесі, 31) бас мүфти жүлдесіне арналған Республикалық күрес турниріне Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасында іріктеу сайысы өтеді.

Іріктеу сайысына жасы 18-ден асқан, салмағы 74 келіден жоғары мешіт жамағаттары қатыса алады. Ол үшін үміткерлер 4 мамырға дейін қала мешіттеріне барып, іріктеу сайысына қатысуға өтініш білдіруі тиіс. Өзімен бірге төлқұжаты және дәрігердің сайысқа қатысуға денсаулығы жарамды жөніндегі анықтамасы болуы керек. Ескерте кетер жайт, Азия және әлем чемпионы, спорт шебері, спорт шеберлігіне кандидат атағы бар кәсіпқой палуандар сайысқа қатыстырылмайды.

Іріктеу кезеңінде үздік шығып, жеңімпаз атанған палуандарға 50 000, 30 000 және  20 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындалған. Сондай-ақ, осы жүлделі орындарға ие болған үш палуан республикалық турнирге жолдама алады.

Еске сала кетсек, 27 мамыр күні ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін мешіт жамағаты арасында қазақша күрестен ІІІ Республикалық турнир өтеді. Әуесқой палуандар арасында өтетін дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен үміткерлер қатысатын болады.

Қосымша мәліметтерді орталық мешіттен біле аласыздар!

Байланыс телефоны: 8 (7262)  571– 864.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: