- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 5051
Қағба қызметшілерінің еңбегі ерең! (ВИДЕО)
Исламнның бас мешіті қасиетті Қағбаның тазалық жүргізу қызметінің ерең еңбегін төмендегі бейнероликтерден көре аласыздар.
Исламнның бас мешіті қасиетті Қағбаның тазалық жүргізу қызметінің ерең еңбегін төмендегі бейнероликтерден көре аласыздар.
Австралияның оңтүстік-шығысындағы Виктория штатындағы магистраттық соттың төрағасы болып ел тарихында тұңғыш рет хиджабтағы мұсылман қызы тағайындалды. Заң саласында бұған дейін жемісті еңбегімен көзге түскен Урфа Масуд салық басқармасында да қызмет жасап, мақтауға ие болған екен.
«Кітапхана түні» акциясы аясында Ресей ұлттық кітапханасы аты аңызға айналған Осман Құраны мен өзге де ежелгі діндердің қолжазба нұсқаларын көрсетеді.
Мұсылман мұсылманға бауыр. Алла Тағала айтты: «Шын мәнінде мүміндер бауырлар» (Хужрат: 10). Муслимнің сахих хадистер жинағында мынадай хадис бар: «Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл болады. Мұсылман бауыры үшін тілек айтқанда, періштелер: «Әумин, Алла саған да бауырың үшін сұрағаныңды берсін» дейді екен.
Британдық кулинарлық шоу жеңімпазы атанған Надиа Хусейн есімді мұсылман аспазшы Британ патшайымына торт пісірді. Тәтті сыйлық Елизавет патшайымның 90 жылдық мерейтойына арналған.
Чехияның солтүстік-батысындағы Теплице қаласында орта мектеп оқушылары орамал таққаны үшін қысым көрген сыныптас құрбыларына қолдау көрсетуде. Себебі мектеп директорына мұсылман қызды «исламды насихаттағаны үшін» оқудан шығару туралы ондаған хаттар келіп түскен.