Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ақпараттық-насихат тобы (АНТ) 2013 жылды қорытындылап, келер жылдың жұмыс жоспарын бекітті.
Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы АНТ мүшелерін қабылдап, насихат көкжиегін кеңейтудің мәні мен маңызын сөз етті. «Сіздер дін саласының білікті маманы, білімді ғалымдары саналасыздар. Сіздерді аттай қалап, АНТ-ға мүше етіп тағайындадық. 2013 жылы жақсы жұмыс жасадыңыздар. Алайда атқаратын ауқымды іс-шаралар аз емес. Елдің ынтымағы мен бірлігіне, мұсылмандардың діни сауатын ашу жолында талмай қызмет етіңіздер», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
ҚМДБ төрағасы уағыз-насихат жұмысында белесінділік танытып, өнімді еңбек еткен имам, ғалымдарды алғыс хатпен марапаттап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Діни басқарманың ғалымдар тобы 1821 имамға шариғи һәм дүниеуи пәндерден 3210 сағат семинар-тренинг өкізді. Білімі мен білігі толысқан 311 имам-ғалымдардан жасақталған 70 уағыз-тасихат тобы еліміз бойынша, 77 қала мен 176 ауыл мектептерінде 3000-ға жуық кездесу өткізді. 400-ден астам түрмеде, 1104 әкімдік, мәдениет ошақтары, балалар және қарттар үйінде уағыз айтты. Бас мүфти бұл көрсеткіштің сапасына да мән беруді тапсырды.
muftyat.kz