«Намазды құбылаға қарап оқымаймыз»

«Намазды құбылаға қарап оқымаймыз»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ирак премьері Нури әл-Мәлики дүйім жұртты дүрліктіріп, «бүйректен сирақ шығарды». Адам ақылына сыймас әрекет жасағандарды қазекем осылай атайды. Шииттердің шаһары Кербеленің мәртебесін көтеру үшін осындай қадамға барған оның ойына не келгенін кім білсін?! Қалай десек те, бұйрық шығарылды: Ирак мұсылмандары намазын сүннитердің қаласы Меккеге емес, Кербеле қаласына қарап оқуы тиіс.

«Біз Кебеле қаласын дамытуымыз тиіс, – дейді әл-Мәлики, – Және ол күллі мұсылмандардың тәу етер қаласына айналуы керек. Өйткені, онда әл-Хусейн жатыр».

Бітпес дау-дамайға түрткі болып, парықсыздық танытқан премьер әрекетіне саудиялық ғалым Насер Ханини алауыздық пен лаңкестікке жол ашқан жөнсіздік деп баға берді.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: