«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамына «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамына «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облысымыздың Сарыағаш ауданындағы мәдениет үйінде ауданның экономикасы мен рухани дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбектері еленіп, марапаттау іс-шарасы болып өтті.

Дәлірек айтқанда, аудандық мәслихаттың шешімімен бірқатар азаматтарға ауданның құрметті азаматы атағы берілді. Соның ішінде елімізге танымал, дін қайраткері ҚМДБ-ның найб мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаға «Сарыағаш ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Оны салтанатты түрде аудан әкімі Мақұлбаев Әбдібақыт мырза табыс етті.

Бізде облыс мұсылмандары атынан құтты болсын айтып, Найб мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаға зор денсаулық, қажымас қайрат, елдің рухани дамуына үлес қоса беруіңізді тілейміз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша баспасөз қызметі

kattani.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: