8 қырлы, 48×48 метрлік мешіттің мұнарасы — 63 метр, Жарты ай қойылған күмбезінің биіктігі — 54 метр. Күмбез түсі - аспан түстес, шаңырақ формасын еске салады. Мешіттің архитектурасы ашылған жүректі көз алдыңызға келтіреді. Бейне бір ол жүрек бейбітшілік пен мейірімге жол бастап тұрғандай.
2. Мөлдір мешіт (Малайзия)Ресми ашылуы 13 Янг ди-Пертуан Агонгпен, сұлтан Тренган Мизан Зайнал Абидин мен 2008 жылы 8 ақпанда ашылған мешіт. Бір мезгілде 1500 адам еркін сиятын ғибадат орны. Темірбетоннан құйылып, шынымен қапталған. Мешіт жеті түстен тұратын өзгермелі көлеңке жарықпен көмкерілген.
3. Фейсал мешіті (Пәкістан)
Бұл мешіт үлкендігімен ерекшеленеді. 5000 шаршы метрді қамтитын мешітке бір мезгілде 300 000 мұсылман сияды.
4. Шакирин мешіті (Түркия)
Түркиядағы ең заманауи мешіттердің бірі.
5. Дженнен жұмалық мешіті (Мали)
Балшықтан жасалған ең үлкен ғимарат. Негізі 1906 жылы қаланған. Малидағы Бани өзенінің сағасында орналасқан. "Ескі қала Дженнемен" бірге 1988 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.
6. Кул Шариф мешіті (Ресей)
Татарстандағы Кул Шариф мешіті мемлекеттің ең бір абыройы асқақ ғимараттарына саналады. Мұнарасының көптігімен, XVI ғасырда Қазан хандығының үлкен орталығы болған мешіттің жаңарған, қайта жасақталған түрі.
7. Путра мешіті (Малайзия)
Путра мешіті 1997-1999 жылдары Малайзияның жаңа әкімшілік орталығына салынған. Путраджая қаласындағы жасанды Путраява көлінің жағалауына салынған мешіт Малайзия премьер министрінің резиденциясының қасына орналастырылған.
8. Убудий мешіті (Малайзия)
1917 жылы сұлтан Идрис шах басқарып тұрған кезеңде, оның бұйрығымен адам денсаулығына оң әсер беру үшін салынған мешіт.
9. Байтуннур мешіті (Канада)
Ахмадийя мұсылман қауымдастығының мешіті. 3000 адамға арналған Каанададағы ең үлкен мешіт.
10. Сұлтан Омар Али Сайфуддин мешіті (Бруней)
Бруней астанасы Бандар-Сери-Бегаванда орналасқан Королдік мешіті. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең таңғажайып орынға жатқызуға болады.