Австралияда асыл дініміз жайлы фильм түсірілді

Австралияда асыл дініміз жайлы фильм түсірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оңтүстік Австралия Университеті студенттерінің бастамасымен Ислам дінін насихаттайтын қысқа метражды фильм жарыққа шықты. Белең алған исламофобиялық көзқарастар мен пікірлердің негізсіз екенін көрсетпек болған бұл фильмде жас мұсылмандар өздерінің күнделікті өмірін көрсетіп, тәжірибелерімен бөліседі.

Халықаралық өзара келісім орталығының директоры Абдумәлік Симоненің пікірінше, бұл фильм мұсылман жастарын бөтенсініп тұратын қоғамның қате көзқарасына тосқауыл беріп, арадағы бөгетті жоюға септігін тигізбек.

Фильмнің басты кейіпкерінің бірі Ясира Морси Австралияға алғаш келгенінде нәсілшілдікті ту еткен жандармен болған кикілжіңді еске ала отырып, былай дейді: «Көп адамдар Ислам діні жайлы хабары болмаса да, лаңкестік пен соғысқұмарлықты жақтайтын дін деген жалған пікірлерге сеніп жатады. Сондықтан да біздер қоғамдағы қалыптасқан пікірді жоюға тиіспіз. Ол үшін асыл дініміз жайлы кеңінен насихаттап, ақпарат тарату керек».

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: