- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 314
ҚҰРБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Құрбан айт – мұсылман әлеміндегі ең ұлық мерекелердің бірі. Бұл мейрам тек діни рәсімдермен ғана шектелмей, адамзатқа мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық секілді асыл қасиеттерді насихаттайтын ерекше күндер. Құрбан айт – жүректерге жылулық сыйлайтын, адамдарды жақындастыратын, қоғамда ізгілікті арттыратын рухани мереке.
Дінімізде қайырымдылық жасау – сауапты іс. Сол қайырымдылықтың бір түрі уақып жайында сөз етпекпіз. Уақып дегеніміз не? "Уақып" сөзінің тілдік мағынасы "ұстау", "кедергі болу" деген мағынаны білдіреді. Ал енді шариғи мағынасына келер болсақ, белгілі бір мүлікті үздіксіз қайырымдылық жолына жұмсау деген мағынаны аңғартады. Үкімі сүннет болып табылады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет жуырда өткен баспасөз маслихатында «Құрбан айт – тек діни мереке емес. Бұл – қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын, қайырымдылықты дәріптейтін рухани мейрам», – деді.
Арапа күні — ислам дініндегі ең қасиетті әрі берекелі күндердің бірі. Бұл күн Құрбан айт мерекесінің алдындағы, Зул-хижжа айының 9-күніне сәйкес келеді. Мұсылмандар үшін бұл күн рухани тазару, кешірім тілеу және Аллаға жақындаудың ерекше мүмкіндігі болып саналады.
Алла Тағала Өзінің пенделеріне мейірім етіп, олардың ізгі амал жасап, сауапқа кенелуіне үшін кейбір күндер мен түндерді өзгелерінен артық етіп бекітті. Сол ерекше берекелі уақыттардың бірі – зұл-хижжа айының алғашқы он күні. Бұл күндер – мұсылман баласының Раббысының кешіріміне бөленуге ұмтылып, құлшылық пен игі амалдарға ерекше ынта танытуы қажет кезең.