ТӘҢІРШІЛДІК – ЖАТ НАНЫМ

ТӘҢІРШІЛДІК – ЖАТ НАНЫМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Қазіргі таңда түрлі діни ағымдар мен сенімдер қоғамда көрніс тауып отыр. Соның ішінде кейбіреулер «Тәңіршілдік» атты идеясын қайта жаңғыртып, жастарға ұлттық  дін ретінде ұсынып жүр. Сонымен бірге жат ағымдар да белсенділік танытып, халықты дәстүрлі дінімізден адастыруда. Бұл құбылыстың зияны мен қаупі орасан.

         Тәңіршілдік түркілердің ислам дініне дейінгі наным-сенімі. Бірақ қазіргі кейбір топтар оны өзгертіп, исламға қарсы қоюға тырысуда. Олар «Тәңіршілдік» атты идиялогияны ұлтымыздың «Өз діні», - деп көрсету арқылы Ислам дінін сырттан келген дін деп түсіндіруде. Бұл тарихи шындыққа қайшы. Қазақ халқының атам заманнан ұстанған діні – Ислам. Бабаларымыз сан ғасырлар бойы Алланы танып, ислам қағидаларын ұстанып келген.

         Жат ағымдар мен «Тәңіршілдік» атты идиялогиясын насихаттаушылар жастардың діни сауатсыздығын пайдаланып, келешек ұрпақтың санасын улау арқылы діни бөлінушілікке, ұлттық тұтастықтың әлсіреуіне себеп болады. Себебі бұл топтар Исламның негізгі құндылықтарын жоққа шығарып, қоғамда түсініспеушілік тудырады.

         Жат діни топтардың ең үлкен зияны қоғамда және халық арасында ауызбіршілікті бұзып, тұрақсыздыққа жол ашуы. Осындай топтардың арбауына түспес бұрын әрбір елдің азаматы дұрыс діни білім алып, өз тарихын жеттік білуі қажет.

         Ислам біздің рухани байлығымыз бен негізіміз, жат ағымдармен бұрмаланған түсініктерден сақтану – міндетіміз.

         Ұлттың болашағы – бірлік пен дін тұтастығында. Біз имамдар жастарды дұрыс діни білім алуға және өз тарихын жеттік меңгеруге, сондай-ақ дәстүр-салтымызды, әдеп-ғұрпымызды тереңірек үйреніп, келешек ұрпақты жат діни ағымдардан сақтауға шақырамыз.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы

Ақжар ауылы «Әбдікерімұлы Айдар» мешітінің имамы

    Туганасов Бауыржан Жұмабайұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: